
Мадрид, 2023ж. 6 наурыз – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Испания Депутаттары Конгресінің Сыртқы істер комитетінің төрағасы Пау Мари Клоземен кездесті.
Тараптар екіжақты парламентаралық байланыстардың өзекті мәселелерін, парламентаризмді дамытудағы испан тәжірибесін, сондай-ақ ағымдағы жылдың 19 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы талқылады.
Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы барысына егжей-тегжейлі тоқталып, Қазақстандағы парламентаризм институтының сапалы жаңғыртылуын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде П.Мари Клозе Қазақстан Президенті жариялаған реформалардың көрнекілігі мен іс жүзіне асырылуын атап өтіп, бұл үрдіс Испания парламентшілері тарапынан жоғары бағаға ие алып жатқанын жеткізді.
Әңгімелесушілер болашақта Қазақстандағы алдағы парламент сайлауының қорытындылары бойынша пікір алмасуды және Испания Депутаттары Конгресінің Сыртқы істер комитеті мен Қазақстан Парламенті төменгі палатасының жаңа шақырылымының өкілдері арасында байланыс орнатуға келісті.