ҚР Елшісі Д.Мұсаев Канар аралдарындағы ҚР Құрметті консулы Р.Молинаға консулдық патент пен экзекватураны табыс етті

ҚР Елшісі Д.Мұсаев Канар аралдарындағы ҚР Құрметті консулы Р.Молинаға консулдық патент пен экзекватураны табыс етті

Мадрид, 2023 жылғы 2 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Канар аралдарында тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Рафаэль Хуан Молина Петитке консулдық патент пен экзекватураны табыс етті.

Кездесу барысында Канар аралдарында Құрметті консулдықтың ресми ашылуы, Канар аралдары іскерлік делегациясының Қазақстан Республикасына сапарына дайындық және олардың Астана қаласында а.ж. көктемінде өтетін «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің келесі отырысына қатысуы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Канар аралдарының автономиялық қоғамдастығымен аймақтық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.

Консулдық саладағы өзара іс-қимылға, атап айтқанда, Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды.