
Бүгін, 1 наурыз, көктемнің бірінші күні қазақстандықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырып Алғыс айту күнін атап өтуде. Мерекенің символдық мәні өзара көмек пен халқымыздың бірлігін танытуға айналды.
Қазақстан өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты түрлі этностардың өкілдері көшіп-қонып жүрген орынға айналды. Содан бері Қазақстан көпұлтты мемлекетке айналды.