ҚР Испаниядағы Елшісі Д. Мұсаев Андалусиядағы ҚР құрметті консулы О. Гомеспен кездесу өткізді

ҚР Испаниядағы Елшісі Д. Мұсаев Андалусиядағы ҚР құрметті консулы О. Гомеспен кездесу өткізді

Мадрид, 2023 жылғы 28 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Андалусия Автономиялық қоғамдастығындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Оскар Мануэль Гомес Монастериомен кездесу өткізді.

Андалусия автономиялық қоғамдастығымен аймақтық ынтымақтастық келешегін ортаға салды.

Тараптар «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің келесі отырысын ағымдағы жылы Астанада өткізуге дайындық және қазақстандық тауарларды Испания нарығына экспорттауды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Консулдық саладағы өзара іс-қимылға, оның ішінде Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен жұмысына ерекше назар аударылды.

Сұхбат барысында Елші Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде О.М.Гомес Монастерио Андалусиямен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнатуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.