ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев ҚР құрметті консулдарымен кездесулер өткізді

ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев ҚР құрметті консулдарымен кездесулер өткізді

Мадрид, 2023 жылғы 24 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Балеар аралдары Автономиялық қоғамдастығындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Луис Хуан Де Сентменатпен және Кастилья-Ла-Манча Автономиялық қоғамдастығындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Игнасио Касановаспен кездесулер өткізді.

Балеар аралдары және Кастилья-Ла-Манча автономиялық қоғамдастықтарымен аймақтық ынтымақтастық келешегін ортаға салды.

Консулдық саладағы өзара іс-қимылға, оның ішінде Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен жұмысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің келесі отырысын ағымдағы жылы Астанада өткізуге дайындық және қазақстандық тауарларды Испания нарығына экспорттауды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Сұхбат барысында Елші Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Л.Хуан Де Сентменат пен И.Касановас болу елінің жетекшілік ететін аймақтарымен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнатуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.