
Мадрид, 2023 ж. 23 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы және жаһандық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Анхелес Морено Баумен кездесті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жоғарғы және жоғары деңгейдегі елдер арасындағы жүйелі байланыстарға ерекше назар аударылып, бұл екіжақты қазақстандық-испан қатынастарының стратегиялық сипатының тағы бір дәлелі екендігі айтылды.
Осы тұрғыда тараптар Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарестің Қазақстанға жоспарланған ресми сапарын талқылады.
Келіссөздердің бөлек тақырыбы осы жылдың екінші жартысында Испанияның ЕО-ға төрағалығы болды. Елші испандық әріптестеріне осы жауапты миссияда сәттілік тіледі.
Өз кезегінде А.Морено Бау ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформаларды ресми Мадрид толық қолдайтынын растап, ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының маңыздылығын атап өтті.