Қазақстандағы сайлау Испания Сенатында талқылануда

Қазақстандағы сайлау Испания Сенатында талқылануда

Мадрид, 2023ж. 17 ақпаны – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенаты Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Төрағасының орынбасары Антонио Гутьеррес Лимонеспен кездесті.

Тараптар ағымдағы жылдың 19 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға баса назар аудара отырып, екіжақты парламенттік қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Қазақстан Елшісі ҚР Парламентінің төменгі палатасына сайлау ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастаған саяси реформалар циклінің логикалық қорытындысы болып табылатынын атап өтті. Атап айтқанда, 2022 жылы өткен конституциялық референдум мен президенттік сайлау, биылғы парламенттік сайлаудан кейін ел өзінің демократиялық дамуының жаңа дәуіріне қадам басуда.

Өз кезегінде А.Гутьеррес еліміздегі ішкі саяси үдерістерді жоғары бағалап, ЕКПА төрағасының орынбасары, жалпы парламентші ретінде Қазақстан басшылығының саяси реформаларын құптайтынын атап өтті.

Әңгімелесушілер екіжақты парламентаралық дипломатияны одан әрі нығайтуға келісті. Қазақстан Елшісі А.Гутьеррестің жақын арада Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінде сөз сөйлеуге шақыруын қабылдады.