Қазақстанның экономикалық өсу көрсеткіштері

Қазақстанның экономикалық өсу көрсеткіштері

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,6%-ті құрады.

Экономиканың базалық салаларында негізінен оң динамика сақталып отыр.

Нақты сектор тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп секторы өндірістің 1,5%-ке, оның ішінде өңдеу саласының 1,6%-ке өскенін көрсетіп отыр.

Тау-кен өнеркәсібінде1,2%өсім қамтамасыз етілді. 

Құрылыс саласы12,5%-ке орнықты өсім көрсетіп отыр. 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қызмет көрсету секторы жыл басынан бері 7,6%-ке өсті. Өсімге сауда, байланыс және көлік секторындағы жоғары динамика ықпал етті.

Тұрақты инвестициялық белсенділік, оның ішінде шикізаттық емес секторларға инвестициялар тарту жедел экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.

Тау-кен өнеркәсібін есептемегенде инвестициялар 23%-ке өсті.