Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Испания СІМ Протоколы Басшысына Сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Испания СІМ Протоколы Басшысына Сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Мадрид, 2023ж. 13 ақпан – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің Протокол Басшысы Мария Себастьян де Эрисеге Сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Сұхбат басында Қазақстанның Елшісі Протокол Басшысына Корольдіктегі жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Сұхбаттасушылар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды талқылап, екіжақты стратегиялық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында тараптар оларды одан әрі нығайтуға барша қолғабыс көрсететіндерін жеткізді.