
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
COVID-19 вирусының ғаламдық таралуы жалғасуда. Испания вирус жұқтырған азаматтардың ең көп саны бар елдердің қатарына кіреді (19 наурыздағы жағдай бойынша - 17 мыңнан астам, Мадридте - 8 мыңға жуық).
Қазақстан Республикасында коронавирустың елде жаппай таралуын болдырмауға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасының және көптеген еуропалық елдер енгізген төтенше жағдайын, бірқатар елдерге шетелдіктердің кіруін жабуы мен ірі авиакомпаниялардың халықаралық рейстерге қойылған шектеулерін ескере отырып, жақын арада орналасқан жеріңізді таңдауда тартынбауға кеңес береміз. Басқаша айтқанда, Сізді алдағы күндерде, аптада, айларда - Қазақстанда немесе Испанияда болғыңыз келетін жеріңізді тезірек шешуге шақырамыз.
Өздеріңіз білесіздер, біздің елімізде арнайы үкіметтік комиссия құрылды, ол көптеген дереккөздерден алынған деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдайды. Бүгінгі таңда Елшілікке Қазақстан азаматтарын дереу Қазақстан аумағына қайтару немесе біздің азаматтарымызды Испаниядан эвакуациялауды ұйымдастыру туралы бұйрық түскен жоқ.
Қазіргі уақытта, егер Сіз қаласаңыз, өзіңіз Қазақстанға бара аласыз, өйткені Қазақстан Республикасының көптеген азаматтары қол жетімді маршруттардың біреуін таңдау арқылы жасаған. Күн сайын олардың саны азаятындығын ескеру керек. «Эйр Астана» ұлттық авиакомпаниясы әлі күнге дейін Еуропа қалаларынан бірнеше рейстерге қызмет көрсететінін ескеріңіз. Бұл репатриация деп аталатын рейстерге билеттерді сатып алу үшін сіз әдетте авиакомпанияның веб-сайтына кіріп немесе онда көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалып отыра аласыз https://airastana.com/kaz/ru-ru/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F/%D0%92%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B8%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F/%D0%98%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F-%D0%B2-%D1%81%D0%B2%D1%8F%D0%B7%D0%B8-%D1%81-%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81%D0%BE%D0%BC.
19 наурыздағы жағдай бойынша, кетудің келесі нұсқалары бар:
|
Әуе операторы |
Бағыты |
Түсіндірме |
|
20.03.2020 |
||
|
Aeroflot |
Мадрид-Мәскеу-Алматы |
1 ауысып отыру 514 еуро 11:20 ұшу |
|
Ryanair+Belavia |
Мадрид-Брюссель-Минск-Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 288 еуро 20:00 ұшу |
|
Iberia+Belavia |
Мадрид-Брюссель-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 301 еуро 16:05 ұшу |
|
Iberia Express+Belavia |
Мадрид-Париж-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 454 еуро 18:05 ұшу |
|
Air France+Belavia |
Мадрид-Париж-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 415 еуро 20:20 ұшу |
|
Ryanair+Belavia |
Барселона-Брюссель-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 277 еуро 11:45 және 19:50 ұшу |
|
Vueling Airlines+Belavia |
Барселона-Брюссель-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 309 еуро 18:45 ұшу |
|
21.03.2020 |
||
|
Aeroflot |
Мадрид-Мәскеу-Алматы |
1 ауысып отыру 435 еуро 11:20 ұшу 470 еуро 0:10 ұшу |
|
Air France+Belavia |
Мадрид-Париж-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 481 еуро 20:05 ұшу |
|
Belavia |
Барселона-Минск- Нұр- Сұлтан |
1 ауысып отыру 222 еуро 10:55 ұшу |
|
Vueling Airlines+Belavia |
Барселона-Амстердам-Минск- Нұр- Сұлтан |
2 ауысып отыру 417 еуро 07:05 ұшу |
|
Lufthansa+Air Astana |
Барселона-Франкфурт- Нұр-Сұлтан |
1 ауысып отыру 21356 еуро 17:20 ұшу |
Егер сіз транзиттік рейске билеттер сатып алсаңыз, үнемі тексеріп отыру өте маңызды: а) әуе компаниясы сіздің рейстеріңізді, соның ішінде транзитті тоқтатқан болса; б) шетелдік азаматтарға транзиттік мемлекет аумағына кіруге рұқсат етіле ме (көптеген елдер өз шекараларын шетелдіктерге толығымен жауып тастады); в) авиакомпания шетелдік азаматтардың, оның ішінде Қазақстан азаматтарының бортында жүруге рұқсат бере ме, жоқ па. Соңғы факторды кейбір шет мемлекеттерде біздің азаматтарымызды отандастарынан басқа кез-келген адамды әуе компанияларының бортына қабылдаудан бас тартуына байланысты еске түсіреміз.
Испаниядан, Еуропадан және Қазақстаннан рейстер саны азаяды, ал кейбір сәтте Қазақстанға оралу мүмкін болмайтын тұрақты рейстер бар.
Бүгінгі таңда коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының бұйрығына сәйкес аптасына 49 тұрақты халықаралық рейс тоқтатылып, аптасына 84 халықаралық рейс қысқартылды (толығырақ http://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/o-priostanovlenii-i-sokrashchenii-mezhdunarodnyh-aviareysov?lang=ru).
«Эйр Астана» ұлттық авиакомпаниясы орындалатын рейстер санын қысқартты.
Егер сіз Қазақстан Республикасына барғыңыз келсе, келесі факторларды ескеріңіз:
- 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы қозғалыс шектелген. Соған қарамастан, егер Сіз Қазақстан азаматы болсаңыз және Қазақстан Республикасының аумағына қайтып оралғыңыз келсе, онда Сіз өз Отаныңызға оралуға құқығыңыз бар. Басқаша айтқанда, егер Сіз алдағы күндер мен апталарда Қазақстанға ұшқыңыз келсе, онда қазіргі төтенше жағдайға қарамастан, Сізге шекарадан өтіп, елге кіруге рұқсат етіледі. Бұл Сіздің отбасыңыздың шетелдік азаматтар арасынан шыққан мүшелеріне қатысты. Яғни, егер сіздің тікелей туысқаныңыз (жұбайыңыз / ата-анаңыз / балаларыңыз), мысалы, Испания азаматы болса, оған Қазақстанға Сізбен бірге кіруге рұқсат етіледі. Ол үшін шекара өткелінде туысқаныңызды растайтын құжаттарды ұсынуыңыз қажет. Қосымша ақпарат алу үшін Мадрид және Барселонадағы біздің консулдықтармен байланысыңыз:
|
ҚР-дың Мадридтегі консулдық бөлімі |
Мадридтегі ҚР Консулы – Сеитов Мұрат Жанкельдыевич. Тел: +34 917 216 294; +34 677 717 716 Консулдық бөлімнің қызметкері – Абдрахманова Сауле Алматовна. Тел: +34 655 255 214 |
|
ҚР-дың Барселона қ. консулдығы |
Барселонадағы ҚР Консулы – Дюсембаев Ринат Аслбекович. Тел: +34 931 424 225; +34 671 314 878 Консулдық бөлімнің қызметкері – Утебалиева Дана Тел: +34 687 915 198 |
- біздің ең ірі қалаларымыз - Нұр-Сұлтан мен Алматыда бүкіл елге қарағанда анағұрлым қатаң шектеулер енгізілуде. Сонымен, карантин режимі адамдардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағынан шығуына тиісті шектеулермен 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақытына сәйкес) енгізіледі. Алайда, бұл жағдайда жекелеген санаттарға, соның ішінде шетелден оралған Қазақстан азаматтарына да ерекшеліктер қарастырылған (толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады: https://primeminister.kz/ru/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613).
- сайып келгенде, егер Сіз Испанияда оқып, жұмыс жасасаңыз және Қазақстанға біраз уақыт кеткіңіз келсе, төмендегілерді ескерген жөн. Қазақстан азаматтары үшін елге кіру кез келген уақытта және кез келген жағдайда жасалуы мүмкін. Алайда, Қазақстаннан төтенше жағдайда сыртқа шығу тек медициналық мақсаттар үшін және емделудің қажеттілігін растайтын құжаттар болған кезде мүмкін. Басқаша айтқанда, егер Сіз қазір Испаниядан Қазақстанға кетіп, кенеттен оралғыңыз келсе (мысалы, Сіздің испан жұмыс берушіңіздің өтініші бойынша), Қазақстанда төтенше жағдай аяқталғанға дейін Қазақстаннан кете алмайсыз.
Қазіргі уақытта сәуір айының ортасына дейін Қазақстанда және бүкіл әлемде коронавирустың таралуымен байланысты жағдайды нақты болжау мүмкін емес. Сондықтан Қазақстанда төтенше жағдай ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін енгізілгені есімізде, бірақ объективті жағдайларға байланысты оның ұзартылмайтынына кепілдік бере алмаймыз.
Испаниядағы көлік жағдайы да үнемі өзгеріп отырады. Үстіміздегі жылдың 14 наурызындағы № 463/2020 Испания Королінің жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап қалааралық және жергілікті теміржол көлігі қызметтерінің саны 50% -бен шектелген. Пойыздардағы жолаушылар арасындағы ең үлкен қашықтықты қамтамасыз ету үшін билеттердің саны үштен біріне дейін шектеледі.
Қазіргі уақытта келесі бағыттағы қалааралық қатынастағы жолаушылар пойызы сақталған:
Сонымен қатар, Испания Көлік министрінің 17.03.2020 жылғы № 246/2020 және № 247/2020 бұйрықтарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап құрлықтық Испания мен Канар және Балеар аралдарының арасындағы кез келген түрдегі коммерциялық және жеке рейстерді орындау тоқтатылады.
Ү.ж.16 наурыздағы № 241/2020 және 242/202020 бұйрықтарына сәйкес, Иберия түбегі (континентальды Испания) мен Солтүстік Африкадағы анклав-қалалары - Сеут пен Мелилья арасында кез келген жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды.
Тиімді өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу мақсатында, Сізге тағы да Испаниядағы ҚР Елшілігінде консулдық есепке тұруды елеусіз қалдырмауды өтінеміз. Консулдық есепке тұрмай, Сізбен жедел байланысты қамтамасыз ету әлдеқайда қиын.
Консулдық есепке қою рәсімі өте қарапайым, бірнеше минут алып және келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: http://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/activities/directions?lang=kk
Қазақстан Елшілігінде Испания мен Андорра аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін арнайы тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істейді: +34 917 216 290
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «жедел желі» жұмыс істейді: жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7(7172)72-05-49,+7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері - +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 1406 cаll - орталығы (ҚР аумағынан қоңырау шалу үшін), +7 (7172) 76-43-80 (ҚР аумағынан және шетелден қоңырау шалу үшін) құрылды, онда Қазақстан Республикасының азаматтары тәулік бойы режимде жүгіне алады және әлемде коронавирустың таралуы туралы, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары мен негізгі белгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады.
Сіздерді және жақындарыңызды үрейлемей, қорғауға және өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі