Қазақстанның Испания өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығы белсенді дамуда

Қазақстанның Испания өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығы белсенді дамуда

24-25 ақпан күндері Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигаловтың Каталония автономиялық бірлестігіне жұмыс сапары өтті.

«Fira de Barcelona» көрме кешенінің бас директоры К. Серрайонгпен және бас атқарушы директоры Р. Сапатеромен кездесу өтті. Бұл кездесу ү.ж. шілде айында Нұр-сұлтан қаласында Еуроазиялық аймақ елдері үшін «Ақылды қалалар Конгресін» өткізумен байланысты өткізілді. Р.Сапатероның Қазақстан астанасына қаңтар айындағы сапарының және оның әкімі А. Көлгіновпен келіссөздерінің қорытындысы шығарылды, осыдан кейінгі іс-қимыл алгоритмі анықталды.

Анықтама: Анықтама: Барселона цифрландыру мен тиімді басқаруды енгізу саласындағы жетістіктерімен кеңінен әлемде танымал. Қалада жыл сайын әлемге әйгілі  Smart City Expo және Mobile World Congress форумдары өткізіледі. Көрме іс-шараларын өткізуден қала экономикасына жыл сайынғы салым 2,6 млрд.евродан астам бағаланады.

Жирона сауда палатасының басшылығымен Қазақстанның 2018 және 2019 жылдардағы бизнес-миссияларының қорытындысы талқыланды, олардың негізінде қазіргі уақытта Тараптар Каталония іскерлік топтары делегациясының үстіміздегі жылдың маусым айында ҚР-ға сапарын дайындауда. Ауыл шаруашылығы, мұнай-химия және туристік салаларда, сондай-ақ денсаулық сақтау секторында ынтымақтастықты кеңейтуге басты назар аудару көзделуде. Бұл мәселелер бірқатар екіжақты кездесулер барысында егжей-тегжейлі қаралды.

Осылайша, Жирона әуежайының жаңа директоры В. Пайарес Пикемен қазақстандық туроператорлармен жазғы кезеңге чартерлік рейстің ашылуын және Жерорта теңізінің үздіктердің бірі – Коста Брава жағалауында «all inclusive» жүйесі бойынша қонақ үйлерде тұруды қамтитын қазақстандық туристерге арналған пакетті бірлесіп әзірлеу мүмкіндігі талқыланды. Жиронаның ыңғайлы географиялық орналасуын (Барселона, Андорра және баскаларға жақын) ескере отырып бұл туристік маршрут өте тартымды бағытқа айналуы мүмкін.

«Iberhospitex» каталониялық компаниясының басшылығымен Қазақстан елордасына кезекті сапарының қорытындысы талқыланды, оның қорытындысы бойынша 2020 жылдың соңына дейін Нұр-сұлтан қаласында жүрек-қан тамырлары интервенциясы саласында медициналық жабдықтар мен жоғары технологиялық өнімдер шығару бойынша жергілікті өндіріс ашу жоспарлануда.

Сапардың маңызды құрамдас бөлігі Каталонияның Ұлттық кітапханасына бару және оның көп жылдық директорымен Евгения Сэррамен кездесу болды. Елші кітапхана қорына испан тіліне аударылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» және "Қазақстан жолы" атты кітаптарын, Қазақстан прозасы мен поэзиясының антологиясын, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптарды тапсырды. Абайдың «Қара Сөздерін» директорға  тапсырып Қ. Жигалов ұлы ғалым, ақын, ойшыл және ағартушы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын Қазақстанда және шетелде атап өту туралы әңгімеледі.

Кітап үшін еңіріне алғысын білдіріп, Е. Сэрра кітапхана ғимаратының бірінші тасы 1401 жылы қаланғанын, қазіргі уақытта оның кітап қоры төрт миллионнан астам дананы құрайтындығын айтты. Сонымен қатар «Каталония бас кітапханасы тарихта алғаш рет Қазақстан туралы кітаптарды сыйға алды және бұған баға жетпес».

Өткен сапар Қазақстанның Испаниямен сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда маңызды рөл атқаратын Қазақстан мен Каталония автономиялық қауымдастығы арасындағы әртүрлі жоспарлы ынтымақтастықтың келешегіне көңіл аудартты.