Мадридте Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Мадридте Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Мадрид, 2022ж. 4 қараша – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты қабылдау өткізіп, оған Испания Үкіметінің өкілдері, Испания Парламенті комитеттерінің төрағалары мен депутаттары, Сыртқы істер министрлігі және басқа да министрліктер мен ведомстволардың жоғары лауазымды тұлғалары, шет мемлекеттердің елшілері, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қабылдаушы елде тұратын отандастар қатысты.

Қазақстан Республикасының Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов өз сөзінде қонақтарды ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауы, Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ауқымды саяси реформаларымен, сондай-ақ биылғы жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өткен Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі нәтижелерін қорытындыларымен таныстырды.

Қабылдауда Испания Сыртқы істер министрлігі атынан бас директордың Солтүстік Америка, Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа елдері бойынша орынбасары Габриэль Кремадес сөз сөйледі. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін және Қазақстанның Еуропалық Одақ пен Испанияның маңызды сауда серіктесі ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан-Испания қарым-қатынасының «өте жақсы деңгейін» атап өтті. Ол таяу болашақта екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси және экономикалық сипаттағы жаңа оқиғаларға толатынына сенім білдірді. Испания Сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі Қазақстанның тиімді сыртқы саясатын және геосаяси шиеленістердің күшеюі жағдайында халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша сындарлы ұстанымын қошеметтеді.

Салтанатты қабылдау Испанияның бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапты.