Қазақстан мен Андорра екіжақты қарым-қатынастарын ұлғайтуда

Қазақстан мен Андорра екіжақты қарым-қатынастарын ұлғайтуда

Мадрид-Андорра-ла-Велья, 2022ж. 14 қазан– Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы қоса ақтарушы Елшісі Константин Жигалов пен Андорра Князьдігінің Сыртқы істер министрі Мария Убах бейнеконференция өткізіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші Бас сессиясы аясында Андорра Үкіметінің басшысы Шавьер Эспотпен кездесуінің қорытындыларын, сондай-ақ ү.ж. тамыз айында орын алған Андорра Сыртқы істер министрлігі басшысының Қазақстанға бірінші ресми сапарын талқылады.

Тараптар биылғы жыл екіжақты қарым-қатынастар үшін серпіліс берген жыл екенін атап өтті. Атап айтқанда, екі ел тарихында алғашқы екіжақтық үкіметаралық келісімге қол қойылды, Андорра мен Орталық Азия мемлекеті арасындағы осындай түрдегі алғашқы келісім болатын және жемісті салық салуды одан әрі дамыту үшін берік заңнамалық негіз қалайтын Қосарланған салық салу туралы шартты әзірлеу жұмысы басталды.

Туризм секторы екіжақты қарым-қатынастардың ең озық саласы болып табылатыны, бірақ еркін экономикалық аймақтар, сауда-инвестиция, цифрландыру салаларында тәжірибе алмасудың жақсы перспективалары бар екені атап өтілді.

Қазақстан мен Андорра халықаралық құрылымдарда бір-біріне өзара қолдау көрсетуді жалғастыруда және дамуға көмек көрсету саласында бірлескен күш-жігердің мүмкіндіктерін пысықтауға ниетті. Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ ПА платформаларындағы парламентаралық байланыстар маңызды рөл атқаруға шақырылады.

Дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 15 жыл толуына орай (2023 жылғы 30 қаңтар) тараптар Қазақстанда Андорра күнін және Андоррада Қазақстан Республикасының күнін ұйымдастыру ниеттерін білдірді. Бейнеконференция нәтижесінде жоғары және министрлер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша практикалық қадамдардың Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Тараптар соңғы кездегі маңызды сыртқы саяси оқиғалар туралы ақпаратпен алмасты. Бұл ретте Елші К.Жигалов Астаның қарқынды күн тәртібі шеңберінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындылары, Рим Папасы Францисктің, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің, Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға сапары, сондай-ақ АӨСШК VI саммиті, ТМД Мемлекет басшылары кеңесі және т.б туралы ақпарат берді.

Қазақстандық дипломат Министр М.Убахты Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңі алдында елімізді біріктірудің маңызды факторына айналуы тиіс Қазақстан Республикасында өтетін кезектен тыс президенттік сайлау туралы хабардар етті.