
Мадрид, 2022ж. 15 қыркүйек – Мадридтің тарихи орталығында, «Әсем өнерлер орталығы» кинотеатрында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолғабысымен ««Қазақстандық кино күндерінің» ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Испания Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігі өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақтандықтар диаспорасы, шетелдік киносүйер қауым қатысты.
Көрсетілім басталар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Елшісі Константин Жигалов бұл шара биылғы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанының 30 жылдығына орайластырылғанын хабарлады.
Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы мәдени алмасудың жоғары деңгейін атап өтті. Оның ішінде соңғы жылдары орын алған «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдік сапары, Заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясының испан тіліндегі тұсаукесері және т.б .
К.Жигалов 2016 ж. бері «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Барселонада өтетін жыл сайынғы Азия кинофестивалінде қазақстандық фильмдер тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқанына тоқталды.
«Әсем өнерлер орталығында» режиссер Е.Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шәріповтің «Схема» фильмдерінің еуропалық премьерасы өтіп, оған Ф.Шәріпов және «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров қатысты.
Мадридтегі қазақ киносының күндері көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгіннің өзінде Испанияның орталық газеттерінің бірі – «La Vanguardia»-да осы оқиғаға арналған материал жарияланды.