
Мадрид, 2022 жылғы 4 шілде. ҚР-ның Испания Корольдігіндегі Елшісі Константин Жигалов Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияның (ӨЖХК) Бас Ассамблеясының отырысына қатысты.
Испания Сыртқы істер министрлігінде өткен форумға өз мемлекеттерінде және шетелдерде өлім жазасының күшін жоюға елеулі ықпал еткен бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, конституциялық соттар және т.б. кіретін ӨЖХК-нің 12 комиссары қатысты. Олардың арасында ӨЖХК Президенті сот Н.Пиллэй, Швейцарияның және Моңғолияның бұрынғы Президенттері - Р. Дрейфус мен Ц.Элбэгдорж және т.б.
Сондай-ақ, Бас Ассамблеяның жұмысына бірқатар елдердің Елшілері (Австралия, Канада, Швейцария, Хорватия, Филиппин, Моңғолия және т.б.), Мадридте аккредиттелген дипломатиялық корпустың басқа да өкілдері (Германия, Ұлыбритания, Мексика, Португалия, Түркия, Франциядан) қатысты.
Өз сөзінде Елші К.Жигалов қатысушыларды Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесін ізгілендіру саясаты және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына ҚР қосылуы туралы тапсырмасын іске асыру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің дәйекті әрекеттері туралы хабардар етті.
К.Жигалов Бас Ассамблея қатысушыларына елді одан әрі демократияландыруға, «Жаңа Қазақстанды» құру бағытталған ҚР-дағы ұлттық референдумның мазмұны мен нәтижелері туралы айтып берді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясына енгізілген маңызды толықтырулардың бірі өлім жазасына тыйым салу болғанын атап өтті.
ӨЖХК Президенті Н.Пиллэй мен форумның басқа да қатысушыларының баяндамасында Қазақстан басшылығының осы бағыттағы қызметіне жоғары баға берді.