Қазақстан Испаниямен аймақтық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Испаниямен аймақтық ынтымақтастықты нығайтуда

Малага (Испания), 2022ж. 18-21 маусым. – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов Малага провинциясына жұмыс сапарымен барып, оның барысында Малага қаласының мэрі Франциско де ла Торре Прадоспен және Марбелла мэрі Анхелес Муньоспен екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасының Андалусияда жаңадан тағайындалған Құрметті консулына (ҚК) О.Гомезке экзекватурасын тапсырды.

К.Жигалов Малага мэрімен кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде Испания мен Қазақстандағы жағдайды, екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде екіжақты ынтымақтастық аясындағы әріптестікті, Малаганың ЭКСПО-2027 көрмесін өткізуге кандидатурасын және өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Анықтама ретінде: Испания «Қала дәуірі: тұрақты қалаға қарай» тақырыбында ЭКСПО-2027 халықаралық көрмесін өткізуге Малага қаласының кандидатурасын ресми түрде ұсынды. Испандық қаланың қарсыластары Миннесота (АҚШ), Пхукет (Таиланд), Белград (Сербия) және Барилоче (Аргентина).

Елші 2017 ж. Қазақстан астанасында халықаралық көрменің сәтті өткені туралы айтып, оның ашылуына бірқатар мемлекеттердің басшылары, соның ішінде Испания Королі Фелипе VI қатыстқанын жеткізді.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға ЭКСПО-2017 аумағы қазіргі уақытта белсенді түрде пайдаланылып жатқанын хабарлап, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына тоқталды.

Әкімдіктің басшылығы тиісті тәжірибені зерделеу мақсатында Қазақстан астанасына ықтимал сапарға қызығушылық танытты.

К.Жигалов испандық тарапқа Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды қайта құрулар туралы айтып берді. Отырысқа қатысқан әкімдіктің Азаматтық қатысу, көші-қон және халықаралық байланыстар жөніндегі Бас директоры Беатрис Бесерра (2014-2019 жж. Еуропарламент мүшесі) Испанияның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды мұқият қадағалап отырғанын атап өтіп, оның нәтижелерін қошеметтеді. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша жүргізіліп жатқан бағытына жоғары баға берілді.

Экономикалық ынтымақтастық туралы айта отырып, қала әкімімен Малага Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізу келісілді. Сондай-ақ испан тарапы келесі жылы Қазақстанға сауда миссиясын жіберу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

20 маусымда Елші Марбелья қаласының беделді Мэрі, Испания Сенатының мүшесі А.Муньоспен кездесті. Кездесу бір күн бұрын өткен Андалусия парламентіне аймақтық сайлаудан кейін өтіп, оның қорытындысы бойынша Халық партиясы жеңіске жетті. Осыған байланысты А.Муньос саяси күштердің жаңа бірігуін және өзі мүшесі болып табылатын ХП-ның (сонымен бірге Малага қаласының мэрі Ф. де ла Торре Прадос) келешегі зор екенін сипаттады.

Елші А.Муньосқа негізгі штаб-пәтері Марбелья қаласында орналасқан «Balms» заң фирмасының серіктесі, ҚР Андалусиядағы Құрметті консулы О.Гоместі ұсынды.

Малага және Марбелья мэрлері ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақыруды ризашылықпен қабылдады.