
5 маусымда Мадрид пен Барселонада 270 сайлау учаскесінде биылғы жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау туралы жалпы республикалық референдумның дауыс беруі өтті.
Дауыстарды санау қорытындысы бойынша қатысу 97,5% құрады, бұл жалпы студенттердің, шетелдік компаниялар қызметкерлерінің, туристік сапардағы азаматтардың, сондай-ақ Испанияда тұрақты немесе уақытша тұратын отандастардың жоғары азаматтық белсенділігін көрсетті.
Дауыс берушілердің 97,5%-ы ҚР Конституциясына ұсынылған өзгерістерді енгізуді жақтады. Өздеріңізге белгілі, олар Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан Парламентті күшейтуге көшуін, Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салуды, Қазақстан халқына жер мен оның жер қойнауын бекітіп беруді, азаматтардың конституциялық сотқа өз бетінше жүгіну мүмкіндігін, өлім жазасын алып тастауды, Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусын аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптастыруды, Сенатта президенттік квотаны қысқартуды көздейді Парламент Мәжілісінде ҚХА квотасын тарату, Парламент өкілеттігін кеңейту және т.б.