
9-11 мамыр 2022ж., Малага (Испания) – 9-11 мамырда Малагада адам құқықтары, азаматтық қоғам және терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші жоғары деңгейдегі конференциясы өтті.
Жоғары деңгейдегі іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш (онлайн), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқармасының (UNOCT) басшысы Владимир Воронков, Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес, 50-ге жуық елдерден келген министрлер, вице-министрлер, елшілері, үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Форумның министрлік сессиясында Қазақстан Республикасының атынан ҚР-дың Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов сөз сөйлеп, біздің еліміздің адам құқықтары мен заң үстемдігіне ерекше мән беретінін және терроризмге қарсы күреске қосқан үлесін атап өтті.
Елші Қазақстанның жақында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қайта сайланғанын және осы жайт әлемдік қоғамдастықтың аталған мәселеде елімізге жоғары сенімін көрсететінін дәлелі екенін атап өтті.
К.Жигалов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен елімізде ауқымды саяси реформалардың 4 пакеті сәтті жүзеге асырылғанын бөлек атап өтті. Олардың келесі кезеңі ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін ҚР Конституциясының 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болатынына тоқталды.
Конференция аясында К.Жигалов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқарманың (UNOCT) басшысы В.Воронковпен кездесіп, онымен екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. В.Воронков биылғы жылдың күзінде Қазақстанға сапармен келу ниетін растады.
К.Жигаловтың БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі М.А.Моратиноспен кездесуі барысында ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің мәселелері талқыланды.