
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
1. |
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу |
100 АҚШ доллары |
75 евро |
65 ағылшын фунт стерлингі |
110 швейцар франкі |
5850 Ресей рублі |
660 Қытай юані |
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
«6. Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
13. |
Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру |
25 АҚШ доллары |
20 еуро |
20 ағылшын фунт стерлингі |
25 швейцар франкі |
1420 Ресей рублі |
165 Қытай юані |
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.