
Лас-Пальмас, 2021 жылғы 7 желтоқсан. А.ж. 6-7 желтоқсан аралығында ҚР Испаниядағы Елшісі К.Жигалов Африканың елдеріне жүк тасымалдау үшін стратегиялық логистикалық хаб болып табылатын, Испанияның жетекші туристік және порттық аралдарының бірі Лас Пальмас-де-Гран-Канарияға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында жергілікті өзін-өзі басқару, өңірлік және орталық үкімет басшылығымен кездесулер өтті.
Лас-Пальмас-де-Гран-Канария Үкіметінің Вице-төрағасы – Өңірлік экономика және қаржы министрі Р.Родригеспен кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастық, ҚР-дан тікелей чартерлік авиарейстерді ашу мүмкіндіктері, Қазақстан өңірлерінің бірімен Канар аралдарының өңірлік ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды. Вакцинация сертификаттарын өзара тану және аралдың логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану мәселесі көтерілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару Вице - төрағасы (Cabildo de Gran Canaria) - Қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылым, көлік және ұтқырлық министрі М.Перес дель Пин туризм және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қозғады.
Лас-Пальмас-де-Гран-Канария Вице-мэрі Х.Доресте қалалық және іс-шаралар туризмі саласындағы ынтымақтастық, аралдың порт терминалдарын пайдалану мүмкіндіктері және конгрестер ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Испания орталық үкіметі Аумақтық саясат министрлігі өкілінің орынбасары Т.Майянспен кездесу барысында Канар аралдарындағы көші-қон, ҚР гендерлік және жастар саясаты мәселелері талқыланды.
Канар аралдарының сауда палатасында ҚР логистикалық артықшылықтары, шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары, АЭА және АХҚО преференциялары, стратегиялық секторлардағы, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, туризм, ЖЭК және т.б. қолданыстағы жобалар ұсынылды. Сауда палатасының президенті С.Тинокомен дөңгелек үстелдер мен симпозиумдарды ұйымдастыру, бизнес-делегацияның келесі жылдың көктемінде ҚР сапарын ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Қазіргі уақытта ҚР Елшілігі Канар аралдарындағы Қазақстанның құрметті консулын тағайындау мәселесін пысықтауда.