Қазақстандық делегация ЮНВТО БА 24-ші сессиясына қатысты

Қазақстандық делегация ЮНВТО БА 24-ші сессиясына қатысты

А.ж. 30 қараша-3 желтоқсан аралығында Мадридте бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, БҰҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Бас Ассамблеясының (ЮНВТО) 24-ші сессиясы күндізгі форматта өтті, оның жұмысына әлемнің 120 елінен 1000-нан астам делегат қатысты.

Қазақстандық делегацияны ЮНВТО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі К.Жигалов басқарды.

Сессия барысында туризмді тұрақты қалпына келтіруге, білім беруге және ауылдық туризмді дамытуға ерекше назар аударылды.

Ассамблеяның негізгі мәселелері ұйымның Бас хатшысын 2022-2025 жылдарға бекіту (З.Пололикашвили осы лауазымға қайта сайланды), ЮНВТО жарғылық органдарына кандидатураларды бекіту, 2023 жылы ЮНВТО БА-ның келесі сессиясын өткізу орнын айқындау (Самарқандтың кандидатурасы жеңді), ЮНВТО-ның өңірлік бөлімшелерін құру, Атқарушы Кеңес мүшелерін сайлау және т.б. мәселелер болды.

Маңызды оқиға Түркістан қаласының Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ректоры М.Мұрзамәдиеваның институционализация және Университет жанынан ЮНВТО білім беру орталығын ашу мәселесін ілгерілету мақсатында Ұйымның қосылған мүшелерінің сессия жұмысына қатысуы болды.

Бас Ассамблея барысында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде Түркістан қаласының Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің қосылуын ратификациялау туралы шешім қабылданды. Осылайша, Туризм және қонақжайлылық университеті осы тұрғыда ЮНВТО бекіткен ҚР алғашқы жоғары оқу орны болды.