Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Мадридтің қала әкімімен кездесті

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Мадридтің қала әкімімен кездесті

Мадрид, 2021ж. 12 қарашасы – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Мадридтің қала әкімі Хосе Луис Мартинес-Альмейдамен кездесу өткізді.

Елші әкімге биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы елімізде және одан тысқары жерлерде тойланып жатқанын хабарлады.

Ағымдағы жылда Елшілік Испанияның «Correos» ұлттық пошта компаниясымен бірлесіп, мерейтойлық күннің ресми логотипі бар естелік пошта маркаларын, мерейтойлық плакаттарды, сыйлық дәптерлерін және конверттерді жасап, сыйға тартты.

Мадридте, Барселонада және Кадисте осы айтулы оқиғаға арналған лекциялар мен «дөңгелек үстелдер» өтті, қабылдаушы елдің бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның елеулі жетістіктерін сипаттайтын мақалалар жарияланды.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Испания елордасының әкіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың испан тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын табыс етті, оның ресми тұсаукесері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты қабылдау қарсаңында Мадрид Корольдік казиносының тарихи ғимаратта өтеді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін де талқылады.

Хосе Луис Мартинес-Альмейда Қазақстан халқын ұлттық мерекемен құттықтап, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен екіжақты байланыстардың негізгі бағыттарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.