
Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі жариялаған Испанияның азаматтары асырап алған қазақ балалары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында балалар суреттер байқауының қорытындысы шығарылды.
Мадридтік он жасар Бордон Люсена Нина Алехандра «Ілбіс» суретімен «Қазақстан табиғаты» тақырыбында 5 пен 10 жас аралығындағы топта жеңімпаз атанды.
10 жастан 15 жасқа дейінгі жас санатында «Қазақстан жануарлар әлемі» тақырыбында Валядолидтік он үш жасар Панедес Симон Мария Валентина жеңімпаз атанды. Екінші орын Малагадан он үш жасар Мартин Ромеро Вераға бұйырды. Үшінші орын он бес жасар Барселоналық Виллануева Инес Айгүлге бұйырды.
Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз, оларға естелік сыйлықтар табысталады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі барлық балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды және оларға зор денсаулық пен барлық істерінде одан әрі сәттілік тілейді!