Барселона бизнес Университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәріс өтті

Барселона бизнес Университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәріс өтті

Ү.ж. 25 наурызда Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов Еуропалық университеттің Барселона бизнес-мектебінде (EU Business School Barcelona) Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәріс оқыды.

Қазақстандық дипломат аудиторияны Президент Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі ережелерімен таныстырды және ҚР-ның үш тарихи онжылдықтағы жетістіктерін егжей-тегжейлі сипаттады, олардың әрқайсысы мемлекет тарихы үшін ерекше және кезеңді болды.

К.Жигалов тәуелсіздік таңында тұрған ауқымды міндеттерді шешуде, қазақстандық жолды қамтамасыз етуде және елді озық өңірлік державаға айналдыруда оның Тұңғыш Президенті - Н.Ә.Назарбаев зор үлес қосқанын атап өтті. Елші Елбасының негізгі сыртқы саяси бастамаларына егжей-тегжейлі тоқталып, оларды іске асыру Қазақстанның халықаралық беделін айтарлықтай нығайтты.

Аудиторияны елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған ҚР басшылығының стратегиясы, Президент Қ.К. Тоқаевтың саяси реформаларының үш пакетінің дәйектілігі мен үйлесімді сипаты қызықтырды.

Дәріс тікелей интерактивті диалог түрінде жалғасын тапты, оның барысында К.Жигалов Германия, Нидерланды, Канада, Мексика, Ливан, Боливия студенттерінің, сондай-ақ Бизнес-мектебінде оқитын қазақстандық студенттердің үлкен тобының көптеген сұрақтарына жауап берді.

Олармен Наурыз мейрамына орайластырылған Елшінің жеке кездесуі өтті. Студенттер өздерінің еңбек күндері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді, Барселонадан басқа да Швейцария (Женева) және Германияда (Мюнхен) өз кампустары бар Бизнес-мектептегі оқу процесінің деңгейі туралы жоғары пікір білдірді.

Қазақстанның Испаниямен білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайту дәл сол күні К.Жигаловтың Барселона университетінің басшылығымен кездесуі барысында талқыланды.

Елшінің Барселонаға сапарының маңызды құрамдас бөлігі «Саѕа Asia» Президенті Х.Паррондомен және Азия киносы Барселона кинофестивалінің басшысы М. Граспен келіссөздер өтті. Олардың мәні талдау орталықтары мен сарапшылар топтарын тарта отырып, ағымдағы жылғы маусымда Қазақстан бойынша халықаралық конференцияны өткізу, сондай-ақ қазақстандық фильмдердің Каталония астанасындағы жыл сайынғы кинофестивальге одан әрі қатысуы болды.

«Iberhospitex» испандық компаниясының президенті А.Лопеспенпен ҚР Елшісі 2021 жылы Нұр-сұлтан қаласында жүрек-қантамыр интервенциясы саласындағы медициналық жабдықтар мен жоғары технологиялық өнімдер шығаратын жергілікті өндірісті пайдалануға енгізу мәселелерін талқылады.