Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Корольдіктің Сенаты Төрайымы Пилар Йоп ханыммен кездесті

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі  Корольдіктің Сенаты Төрайымы Пилар Йоп ханыммен кездесті

17 наурызда  Қазақстаннның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Жигалов пен Испания Сенатының спикері Пилар Йоп ханым арасында  кездесу өтті.

Кездесу барысында Елші Сенат Төрайымына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдағы жетістіктері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық жолды қамтамасыз етудегі және Қазақстанның озық мемлекетке айналуындағы рөлі, қазіргі экономикалық және елдегі ішкі саяси жағдайды, Президент Қ.К.Тоқаевтың дәйекті саяси реформалары туралы айтып берді.

П.Йоп Испанияның стратегиялық серіктесі және Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың локомотиві болып табылатын Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы, Еуропадағы Одақпен терең Серіктестік келісімі бар аймақтағы жалғыз мемлекет туралы үлкен құрметпен айтты.

Сенат спикері Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан демократиялық өзгерістерді жоғары бағалады және Испания Қазақстанның заманауи және қызықты тәсілдері бар еліміздің тәжірибесін мұқият зерттеу қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін Испаниядағы әйелдер құқықтары жөніндегі Үәкіл ретіндегі тәжірибесі бар П.Йопты Қазақстанда әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота сайлау тізіміне енгізу мәселесі ерекше қызықтырды, оны гендерлік теңдікті жүзеге асырудың және жастарды үкіметке тартудың маңызды тетігі деп атады.

Сонымен қатар тараптар екіжақты қатынастарда маңызды рөл атқаратын парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.  Сонымен бірге, жалпы парламенттер деңгейінде достық топты құру Қазақстан мен Испания арасындағы жан-жақты байланыстарды дамытуға ықпал ететіндігі туралы пікір айтылды.

Кездесу барысында екі елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тақырыбы және мемлекеттер басшылығының халықты және экономиканың негізгі салаларын қолдау бойынша қабылдаған шаралары да талқыланды.