«KazAID» Агенттігін құру туралы

«KazAID» Агенттігін құру туралы

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 қаулысымен мемлекеттің 100% қатысуымен ҚР СІМ-ге бағынысты ұйым түріндегі «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі» КеАҚ құрылғанын хабарлаймын.

Аталмыш құрылым ұлттық дамуға ресми көмек жүйесін іс жүзінде институцияландыруға және жүйелендіруге мүмкіндік бермек.

Қазіргі таңда аталған Агенттікті әділет органдарында тіркеу, оның Жарғысы мен ұйымдастырушылық құрылымын бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.