
Құрметті сайлаушылар!
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «Nur Otan» партиясы - 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.
Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.
Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Мадридтегі ҚР Елшіліктің телефоны +34 917 216 290 бойынша және madrid@mfa.kz электрондық пошта немесе Барселона қаласындағы ҚР Консулдықтың телефоны + 34 931 424 225 және barcelona@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Avenida de los Madroños, 43, 28043 Madrid, España мекенжайында, №270 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін; Барселона қаласындағы ҚР Консулдығында Passeig de Gràcia, 49, 08007 Barcelona мекенжайында өтеді.
Қосымша 1
2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар тізімі.
|
№
|
Партия атауы |
Сайт |
Сайлауалды бағдарлама |
Кандидаттар тізімі |
|
1 |
«Adal» |
|
https://adalpartiyasy.kz/program
|
https://www.inform.kz/ru/partiya-adal-opredelila-spisok-kandidatov-v-deputaty-mazhilisa_a3720625
|
|
2 |
«Ақ-жол» |
|
https://akzhol.kz/ru/vystwplenie-a-perwasheva-po-proektw-predvybornoj-programmy-na-xvi-sezde-partii/
|
https://akzhol.kz/ru/migrated_3120/
|
|
3 |
«Ауыл» |
|
|
https://auyl.kz/news/11vruchenieudostoverenii/
|
|
4 |
«Нұр-Отан» |
|
https://nurotan2021.kz/ru/program/
|
https://nurotan2021.kz/ru/elections/
|
|
5 |
Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан коммунистік халық партиясы). |
https://qhp.kz/Docs/PredvibProgram.pdf
|
https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5924
|