
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) шетелде тұратын ҚР азаматтары үшін соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) беру процесін оңтайландыру туралы хабарлайды.
Комитеттің анықтама беру жөніндегі қызметі, оның ішінде оны берудің нақты мерзімдері «комитеттің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен реттеледі. Сонымен қатар, шетелде тұратын ҚР азаматтарының анықтама алу www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы мүмкіндігі бар. Комитет ҚР заңнамасы нормаларының талаптарын ескере отырып, анықтама алуға қол жеткізу бойынша барлық іс-шараларды өткізді. Қажет болған жағдайда, азаматтарға уақыт шығындарымен ауыртпалық салмай, сұрау салудың бастамашысы порталда қолжетімді «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» арқылы басқа тұлғаларға қатысты электрондық сұрау салуды дербес жібере алады. Қызмет үшінші тұлғаларға, егер электрондық нысанда мәліметтер сұратылып отырған тұлға порталда «жеке кабинеттен» және (немесе) смс-растау арқылы келісім берген жағдайда ғана көрсетіледі (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі порталда тіркелуі тиіс). Келісуді алғаннан кейін анықтама сұрау салу бастамашысының жеке кабинетіне жіберіледі.
Портал арқылы электрондық нысанда алынған анықтама дипломатиялық мекемелер арқылы олардың қолы қойылып және консулдық лауазымды адамның мөрі басыла отырып берілуі мүмкін. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Комитет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҚР Әділет министрлігінің «е-апостиль» 2 сервистік бағдарламалық өнімін іске асыру шеңберінде ресми құжаттарды электрондық нысанға апостильдеуді толық ауыстыру туралы мәселе пысықталатын болады. Оны жүзеге асырғаннан кейін анықтаманың қағаз нысаны толығымен алынып тасталады.