
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін республикалық референдум өтеді.
Испания аумағында жүрген Қазақстан азаматтары дауыс беруге келесі мекенжайлар бойынша қатыса алады:
📍 Мадрид қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде
Avenida de los Madroños, 43 28043, Madrid
📍 Барселона қаласындағы Қазақстан Республикасының Консулдығында
Paseo de Gracia, 49, 2º-1a 08007, Barcelona
Референдумға келесі мәселе шығарылады:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Испания аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады.
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматы референдумға қатысуға құқылы.
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан алуға болады:
Референдум Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығы негізінде өткізіледі.