
Мадрид, 2020 ж. 9 қазан - БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ ДТҰ-дағы Тұрақты өкілі, Константин Жигаловтың осы ұйымның Бас хатшысы - Зураб Пололикашвилимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар туризм саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, пандемия жағдайында әлемдік туристік индустрияның одан әрі даму перспективаларын талқылады.
З.Пололикашвили туристік белсенділіктің күрт төмендеуіне қарамастан, ЮНВТО адам қауіпсіздігіне баса назар аудара отырып, жаңа бастамаларды алға тартып, халықаралық туризмді жандандыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, сұхбаттасушы осы жылдың наурыз айында тұрақты түрде жаһандық жағдайды бақылап, ұсыныстар әзірлейтін ЮНВТО Дағдарыс комитеті әзірленгенін атап өтті.
З.Пололикашвили ЮНВТО іс-шараларының басым көпшілігі онлайн режимінде өтетіндігін баса айтты. Сонымен бірге, ү.ж. 15-17 қыркүйегінде Тбилисиде, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жағдайында, ЮНВТО Атқарушы кеңесінің 112-ші сессиясы жеке қатысу форматында өтті. Оған әлемнің 20 елінен 150-ден астам делегаттар қатысты. Форум нәтижесінде «Туризмді тұрақты қалпына келтіру бойынша іс-қимылдар» Тбилиси декларациясы қабылданды, оның маңызды тармақтарының бірі туристерді қорғаудың халықаралық кодексін әзірлеу жөніндегі комитетті құру туралы шешім болды.
ЮНВТО Бас хатшысы ү.ж. 7 қазанында G20 министрлерінің бейнеконференциясына қатысқаны туралы хабарлады. Онда ЮНВТО-ға мүше елдер белсенді пайдалана алатын туристік саланы қолдау және қалпына келтіру үшін нақты ұсынымдар болып табылатын туризмді инклюзивті қалпына келтірудің AIUla шекті бағдарламасы бекітілді.
Пандемия жағдайында ішкі туризмді жандандыру мәселесін талқылау барысында Елші К.Жигалов сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасында бірқатар ірі жобалардың, соның ішінде қазақстандық туристер арасында өте танымал болған Каспий жағалауындағы бес жұлдызды Rixos және Holiday Inn қонақ үйлерінің пайдалануға берілуі туралы хабардар етті.
К.Жигалов ү.ж. 1 қыркүйекте Түркістанда халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ашылуына байланысты ресми құттықтау жібергені үшін ЮНВТО басшысына алғысын білдірді. Елші университеттің тезірек аккредиттелуіне және оның жанында ЮНВТО орталығының ашылуына үміт білдірді. Ол Бас хатшыны 2021 жылғы наурызда Түркістанда туристік форум өткізу кезінде "Жібек жолы жүрегінде білім беру кластерін құру перспективалары" тақырыбындағы конференцияға қатысуға шақырды.
Екіжақты ынтымақтастықты талқылау аясында қазақстандық кандидатты ЮНВТО-ға секондмент мәселесі де талқыланды.