
Мадрид, 2020ж. 6 қазан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Испания Премьер-Министрі Кабинетінің Халықаралық істер жөніндегі бас директоры Эмма Апарисимен кездесу өткізді.
Э. Апариси қазіргі қызметке тағайындалмас бұрын ол Испания Сыртқы істер министрі Х.М. Гарсия-Маргальо (2016 ж.) және Король Фелипе VI (2017 ж.) делегацияларының құрамында Қазақстанда екі рет болғанын айтты. Бас директор Король Фелипе VI Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен сұхбатын жылы лебізбен еске алатындығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелерді және екі елдің күн тәртібіндегі көптеген мәселелерді екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке сәйкес талқылап, шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселесін көтерді.
Жаһандық мәселелерді талқылау шеңберінде тараптар Қазақстан мен Испанияның БҰҰ-ның қазіргі кезеңдегі қызметіне қатысты негізгі тәсілдерін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Испания Премьер-министр П.Санчестің БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөйлеген сөздерінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі талқылады. Індет жағдайында Қазақстан мен Испания жаһандық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанатындары атап өтілді: әлемдік экономиканы және сауданы жандандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, БҰҰ «2030-Күн тәртібі» міндеттерін жүзеге асыру, климаттың өзгеруіне қарсы тұру, әйелдер мен жастарға тең мүмкіндіктер беру, балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау және т.б.
К.Жигалов сұхбаттасушыны Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, оның сөйлеген сөзінің испан тіліне аударылған мәтіні бар кітапшасын берді. Испандық тарап бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен танысқанын хабарлап, оның экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған тұтастығы мен практикалық бағытын атап өтті.
Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында қазіргі жағдайдың күрделілігіне қарамастан, тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тиісті деңгейде жалғастырып келе жатқандығы және жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендігі қанағаттанушылықпен атап өтті.
Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, тау-кен өнеркәсібі, көлік және ауылшаруашылық өнеркәсіптері, логистика және тағы басқа да салалардағы белсенділікті және жобалардың перспективаларын атап өтті.
Мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты жемісті ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, түрлі іс-шаралардың, соның ішінде қазақтың ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуін қанағаттанушылықпен атап өтті. Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыға ақынның испан тіліне аударылған ақынның «қара сөздері» мен өлеңдері енген «Абай» кітабын сыйға тартты.