Қазақстанның Испаниядағы Елшісі халықаралық сұрақтар бойынша Мемлекеттік хатшымен кездесу өткізді

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі халықаралық сұрақтар бойынша Мемлекеттік хатшымен кездесу өткізді

Мадрид, 2020ж. 30 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов ҚР-ға жауапты Испания Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Кристина Гаякпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар халықаралық мәселелердің өзекті сұрақтарын және мемлекеттер арасында орнатылған стратегиялық серіктестікке сәйкес екіжақты күн тәртібін, соның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселесін, сонымен қатар, БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде өзара қолдау сұрақтарын талқылады.

Жаһандық мәселелерді талқылау шеңберінде Елші К.Гаякты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөйлеген сөзінің негізгі үзінділерімен таныстырды.

Испания мен Қазақстан басшылықтарының экономиканы тұрақтандыру, оны індет пен коронавирустан кейінгі кезең аясында ынталандыру мен қайта құрылымдау бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратпен алмасты. Осыған орай сұхбаттасушыны Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, оның сөйлеген сөзінің испан тіліне аударылған мәтіні бар кітапшасы Мемлекеттік хатшыға берілді.

Екіжақты күн тәртібін талқылау кезінде тараптар жаһандық белсенділіктің қарқынының жалпы төмендеуіне қарамастан, Қазақстан мен Испания екіжақты саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тиісті деңгейде ұстап келе жатқандығын қанағаттанушылықпен атап өтті.

К.Гаяк ү.ж. мамырында Испания мен Қазақстан сыртқы істер министрлері арасындағы телефон арқылы сөйлесу кезінде болған тиімді пікір алмасуды ерекше атап өтіп, 2021 ж. Қазақстанға сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі саяси консультациялар өткізу мақсатымен ҚР-ға сапармен келуге дайындығын білдіріп, жоғары деңгейдегі сапарларды пысықтау жұмысын жалғастырудың қисындылығын атап өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сәйкес, М.Гаяк «Airbus» компаниясының әскери-ғарыштық басқармасы делегациясының ү.ж. 21-24 қыркүйекте Елшілік ұйымдастырған A400M әскери-көліктік ұшақтарының ұшу сипаттамаларын презентация жасау үшін Нұр-Сұлтанға сапарын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, тараптар «Mercasa» компаниясының тәжірибесімен ұқсастығы бойынша Қазақстанда көтерме-тарату орталықтарын (КТО) құру жобасының ілгерілеуін және жасыл экономика және экология саласындағы тәжірибемен алмасуды қанағаттанушылықпен атап өтті.

К.Гаяк «Aqualia FCC» ірі су компаниясымен бірге Нұр-Сұлтандағы ағынды суларды тазарту құрылыстары мен жаңбыр суларын жүйесін жаңарту және салу жобасының келешегі бар екенін атап өтті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың қолданыстағы құралдарының тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті - Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) және «Қазақстан-Испания» Іскерлік Кеңесі (ІC). ҮАК пен ДК-нің келесі отырыстары жақын арада өтеді деген үміт білдірілді.

Мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, тараптар қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізудің және оның испан тіліндегі мұраларын испан кітапханаларына берудің маңыздылығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осы бағытта қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясының испан тілінде басылғандығы қошеметтелді.