
Мадрид, 2020 ж. 25 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Конгресс Төрағасы (Парламенттің төменгі палатасы) Меритчел Батетпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық мәселелердің өзекті сұрақтарын және екіжақты стратегиялық серіктестікке сәйкес екіжақты күн тәртібіндегі кең тақырыптардағы сұрақтарды талқылады.
Жаһандық мәселелерді талқылау шеңберінде М.Батет пен К.Жигалов БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттардың өткізілуінің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Елшісі Конгресс басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің негізгі үзінділерімен таныстырды.
Атап айтқанда К.Жигалов сұхбаттасушының назарын ҚР Басшысы өз сөзінде тоқтала кеткен қазақтың ұлы ойшылы мен ақыны Абайдың адамзатқа керегі сүймек, сезбек, кейімек, қарекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек деген парасаттылық пен даналыққа толы сөзіне аударып, оны ақын үшін ғаламдық өзара әрекеттесудің жемісті формуласы болғанын жеткізді.
ЮНЕСКО-ның аясында 175 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқан қазақтың ұлы ағартушысының дана сөздерінен терең әсер алған М.Батет оларды бүгінгі күнге дейін бүкіл адамзат үшін өте өзекті деп атады.
К.Жигалов екіжақты мәдени-гуманитарлық саладағы жемісті ынтымақтастықты атап айтып, М.Батетке жуырда испан тіліне аударылған автордың өлеңдері мен «қара сөздері» енген «Абай» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, Испанияда Қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының Сервантес тіліне аудармасы үлкен қанағаттанушылықпен қабылданды.
Тараптар Испания мен Қазақстан басшылықтарының экономиканы тұрақтандыру, оны пандемия мен коронавирустан кейінгі кезең аясында ынталандыру мен қайта құрылымдау бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратпен алмасты. Осыған орай К.Жигалов Испания Конгрессінің спикерін Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, оның сөйлеген сөзінің испан тіліне аударылған мәтіні бар кітапшасын берді.
Тараптар Испания мен Қазақстандағы ішкі саяси ахуал туралы, екі елдің парламенттерінің індет жағдайындағы жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісіп, парламентаралық ынтымақтастықты, оның ішінде эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келгеннен кейін жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу мен Қазақстан-Испания парламентаралық достық тобын жасау бағытында жұмысты жалғастыруға дайындық білдірді.