Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын рәсімдеу үшін келесі тізбеге сәйкес мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш;
- Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа);
- Шет мемлекет паспортының немесе шет елдің азаматтығын растайтын құжатының көшірмесі;
- Басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын құжаттың көшірмесі.
- ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін консулдық алым алынбайды.
МАҢЫЗДЫ: Азаматтарды қабылдау әр азаматқа әр қызмет бойынша міндетті түрде алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады.