Меню

Страницы

Статья

Нотариалдық іс-әрекеттер жасау

Құжаттар ҚР азаматының жеке қатысуымен ғана қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы ресімделмейді).

Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

1.   Өтініш (еркін нысанда)

2.   Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

3.   Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі.

·       Құжаттың көшірмесінconsulmadrid@mfakz жіберуіңізді, шағым тақырыбы және тақырыпта Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

1.   Өтініш (еркін нысанда)

2.   Құжаттың түпнұсқасы;

3.   Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі. 

Құжаттың мәтінін consulmadrid@mfakzжіберуіңізді, шағым тақырыбы және тақырыпта Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

1.   Өтініш (еркін нысанда)

2.   Құжаттың түпнұсқасы;

3.   Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі. 

·       Аударылған құжатты consulmadrid@mfakzжіберуіңізді, шағым тақырыбы және тақырыпта Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

1.   Өтініш (еркін нысанда)

2.   Құжаттың түпнұсқасы;

3.   Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі.

·       сенімхат мәтінін келесі электронды мекенжайға жіберу қажет: consulmadrid@mfakz, тақырыпта өтініш тақырыбын және аты-жөніңізді көрсете отырып;

·       сенімхат тек қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі;

·       Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Консул жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін ("Нотариат туралы"ҚР Заңының 36-бабы).

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру

45 еуро

Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру

25 еуро

Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады (әр бiр құжат үшiн)

25 еуро

Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру

35 еуро

Құжаттарды қабылдау: күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Calle Sotillo, 10, 28043 Madrid

Тел.: (+34) 91 721 62 94 (консультациялар сағат 13:00-дан 14:00-ге дейін)

WhatsApp Chat: (+34) 695 425 938 (онлайн консультация)

Электронды поштасы: consulmadrid@mfa.kz

Қазақстанда «Цифрлық нотариат» мемлекеттік қызметі іске қосылды, ол нотариалды куәландырылған сенімхаттардың ресімдеу рәсімін онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының «Enotary» бөлімінде қолжетімді:

Жобаны ҚР Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысуымен әзірледі.

Сенімхатты рәсімдеу үшін:

- «Enotary» сервисінен «Сервистер» қызметін таңдаңыз;

- деректерді толтып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» қажет;

- қысқа кодты немесе биометрия бойынша қызметке қол қою керек;

- нотариуспен бейне қоңырау шалуға рұқсат беру қажет;

- «бейне қоңырауға өту» түймесін басып, нотариустан жауап күту керек.

Бейне қоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. EGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Алдағы уақытта онлайн сенімхатты және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларын ресімдеу мүмкіндігін шығару жоспарлануда.

Дата публикации
27 марта 2020
Дата обновления
10 августа 2023
Тип

Сейчас читают

06 апреля 2026
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша стандартты рәсімдер туралы
Ақпарат
02 февраля 2026
«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
23 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары