Нотариалдық іс-әрекеттер жасау
Fecha de publicación: 27 marzo 2020
Жаңарту күні: 10 agosto 2023
Көру саны:2017
І. Өтініш берушінің құжаттардағы қолтаңбасының шынайылығын нотариалды куәландыру (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы сенімхаттар мен келісімдердің барлық түрлерін қоспағанда);
Өтініш берушінің құжаттар мен өтініштердегі қолтаңбасын нотариалды куәландыру үшін келесілер қажет:
- Өтініш берушінің жеке қатысуы;
- Өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт, NIE) - 1 дана;
- Santander банк шотына 25 евро көлемінде консулдық алымы төленгені туралы түбіртек.
ІІ. Түпнұсқа көшірмесінің шынайылығын нотариалды куәландыру.
Түпнұсқа көшірмесінің шынайылығын нотариалды куәландыру үшін келесілер қажет:
- Өтініш;
- Құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт, NIE) - 1 дана;
- Santander банк шотына 25 евро көлемінде консулдық алымытөленгені туралы түбіртек.
III. Құжаттар аудармасының шынайылығын нотариалды куәландыру
Аударманың шынайылығын нотариалды куәландыру үшін келесілер қажет:
- Өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт, NIE) - 1 дана;
- Аударылатын құжаттың түпнұсқасы, егер бар болса, сандық тасымалдауыштағы Word форматында электрондық түрдегі оның аудармасы;
- Santander банк шотына 25 евро көлемінде консулдық алымы төленгені туралы түбіртек.
Fecha de publicación
27 marzo 2020
Жаңарту күні
10 agosto 2023