БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
|
Е. Кошербаев |
|
2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-1-4/810 |
|
бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11-1-2/619 бұйрығына
1-қосымша
Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар (еңсерілмейтін күш, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде болу мемлекетіндегі дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай);
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
3) Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделгеннен тыс жағдайларда қайтыс болса.
1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына дейінгі көлік шығыстарын төлеу (экономкласты әуе билетінің құнынан аспайды);
2) бір жолғы материалдық көмек:
тамақтану (Қазақстан Республикасының азаматына күніне 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
тұру (күніне 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда оларды сатып алу
(280 (екі жүз сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды);
3) жүкті жөнелту, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматының денесін (қайтыс болғандардың күлі салынған cауыттар мен табыттарды) Қазақстан Республикасына тасымалдау, бальзамдау, мәйітханада денені сақтау, болу мемлекетінде жерлеу немесе кремациялау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қамтиды.
2-тарау. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру тәртібі
Өтінішке болу мемлекетінің уәкілетті органдары берген және өтініште көрсетілген мән-жайларға қатысы бар құжаттар қоса беріледі.
1) Қазақстан Республикасы азаматының қиын жағдайға түсу мән-жайларын және Қазақстан Республикасының азаматы ұсынған материалдардың, объектілердің, құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын тексеру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның осы мемлекетте болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің бар-жоғын анықтайды және олардың орындалуына жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшелерімен, туыстарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен (бұдан әрі – туыстары) байланыс орнатуына жәрдемдеседі;
4) өтініштің мәні бойынша болу мемлекетінің мемлекеттік органдары және ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Министрлікке осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, шет елдегі мекеменің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған қаржылық көмек көрсету қажеттілігі туралы хат жібереді.
1) өтініш беруші жүгінген кезде:
осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды төлеуді көздейтін қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының медициналық сақтандыруының (бұдан әрі – медициналық сақтандыру) бар немесе жоқ екенін тексереді;
осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсететін болу мемлекеті ұйымдарының кемінде 3 (үш) баға ұсынысын және осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қаржылық көмек көрсету қажеттілігі туралы хатты жібереді;
2) болу мемлекетінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаны туралы хабарлама алынған кезде:
осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
медициналық сақтандырудың бар немесе жоқ екенін тексереді;
қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнатылған және осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш алынған жағдайда, әрі осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағының
3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсететін шет мемлекет ұйымдарының кемінде 3 (үш) баға ұсынысын және осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қаржылық көмек көрсету қажеттігі туралы хатты жібереді;
қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнатылғанымен, осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш болмаған жағдайда, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті құрмет көрсетіле отырып, қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматын сол мемлекетте жерлеу немесе оның денесін Қазақстан Республикасына туыстарының, медициналық сақтандырудың, не осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаның немесе ұйымның есебінен жөнелту шараларын қабылдайды;
қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнату мүмкін болмаған және осы Қағидалардың 3-тармағының
3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш болмаған жағдайда, болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес тиісті құрмет көрсетіле отырып, қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматын сол мемлекетте жерлеу шараларын қабылдайды.
Тыңдау туралы хабарлама қаржылық көмек көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Өтініш беруші алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық білдіреді немесе айтады.
Тыңдау нәтижелері бойынша шет елдегі мекеме осы Қағидалардың
7-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-қимылды орындайды не бас тарту себептерін негіздей отырып, өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы хат жолдайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда, шет елдегі мекеме болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматын тиісті құрметпен болу мемлекетінде жерлеуге немесе оның денесін туыстарының, медициналық сақтандырудың немесе осы Қағидалардың 7-тармағының
2) тармақшасында көрсетілген адамның немесе ұйымның есебінен Қазақстан Республикасына жіберуге шаралар қабылдайды.
1) өтініш берушінің көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы және (немесе) өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттарды ұсынбауы;
2) Қазақстан Республикасы азаматының болу мемлекетінің заңнамасын бұзған себебінен туындаған қиын жағдайды құжатпен растайтын фактілерінің бар болуы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен (оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде) болған оқиғалар;
4) Қазақстан Республикасы азаматының эвтаназия немесе суицид салдарынан қайтыс болуы;
5) медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің болуы.
Шет елдегі мекеме қаржылық көмек көрсетуден бас тартылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Министрлікке осы шешім туралы хабарлайды.
1) қаржылық көмек көрсету туралы;
2) қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы.
Министрліктің қаржылық көмек көрсету туралы шешімі Министрлік аппараты басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек беру өтініш берушіге қолма-қол ақша қаражатын беру және (немесе) төлем құжаттарын пайдалана отырып, ақша қаражатын аудару нысанында жүзеге асырылады.
Өтініш берушіге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шығыстарды өтеуге жол берілмейді.
Тыңдау туралы хабарлама қаржылық көмек көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Өтініш беруші алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық білдіреді немесе айтады.
Өтініш берушіден алдын ала шешімге қатысты қарсылық болмаған жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушіге қаржылық көмектен дәлелді бас тартуды жолдайды.
Өтініш берушінің қарсылықтары түскен жағдайда, шет елдегі мекеме ұсынылған қарсылықтарды әкімшілік іс материалдарымен (бар болса) бірге (бұдан әрі – материалдар) қарау үшін Министрлікке жолдайды.
Өтініш берушінің қарсылықтары мен әкімшілік іс материалдарын алғаннан кейін Министрлік оларды қарап, қаржылық көмек көрсету шешімді немесе қаржылық көмектен дәлелді бас тартуды қабылдайды және өтініш берушіні шет елдегі мекеме арқылы хабардар етеді.
Министрлік өтініш берушінің қарсылықтары бар материалдарды қарау нәтижелері бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарына сәйкес өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетеді.
3-тарау. Лауазымды адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беріліп отырған шетелдік мекеме немесе лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі Министрлікке жолдайды.
Сонымен қатар, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беріліп отырған шет елдегі мекеме немесе лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса немесе әкімшілік әрекет жасаса, шағымды Министрлікке жібермеуге құқылы.
Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидаларына қосымша
Қаржылық көмек көрсетілгені туралы
20_ жылғы «__» _________ № ________
акт
________________________________________ (бұдан әрі – шет елдегі мекеме),
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)
_______________________________________мекен-жайы бойынша тұратын,
жеке басын куәландыратын __________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, оның сериясы және нөмірі)
____________________құжат берілген
(берілген күні, кім берген)
____________________________________________________өтініші қаралып,
(өтініш берушінің тегi, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің лауазымды тұлғасы)
«___» __________ 20_ жылғы № __________ бұйрығының және шет елдегі мекемесінің «__» ____________ 20_ жылғы хатының негізінде
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
келесі шығыстар бойынша:
Қазақстан Республикасына жолданатын көлік қызметтеріне __________________________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)
________________________________________________________мөлшерінде ақы төлеу үшін;
2.___________________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)
бір реттік материалдық көмек төлеу үшін:
тамақтануға ______________________________________________ сомасында;
тұруға ___________________________________________________ сомасында;
алғашқы қажетті тұрмыстық заттарды сатып алуға ______________ сомасында
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе қайтыс болған адамның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________ сомасында
Қазақстан Республикасына жүкті жіберу қызметтеріне, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматын (қайтыс болғандардың табыттары және күлімен сауыттары) тасымалдауға, бальзамдауға, мәйітті мәйітханада сақтауға, жерлеуге немесе шет мемлекетте кремациялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу үшін – қаржылық көмек көрсету туралы осы актіні жасады.
Растайтын құжаттар ___ парақта осы актіге қоса беріледі.
Шет елдегі мекеменің өкілетті қызметкерлері:
________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мөр орны
Қаржылық көмек алғанымды растаймын, актінің көшірмесін алдым:
_________________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
20___ жылғы «__» ________