Меню

Страницы

Статья

Құжаттарға апостиль қою және құжаттарды заңдастыру

Консулдық легализация немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?

Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қою қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.

Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, ҚР-дың мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Испания аумағында танылу үшін ҚР-дың құзыретті органдарында «APOSTILLE» мөрімен растауды керек.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

«Апостиль» белгісін қоятын Гаага конвенциясына кірген мемлекеттердің мәртебесін заңдастыруды тоқтату және заңдастыруды жеңілдетуі

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

1.Еркін нысандағы өтініш

2Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3апостиль қойылатын құжат

4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

1.Еркін нысандағы өтініш

2Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3Заңдастырылатын құжат

4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

Қазақстан Республикасына апостиль қоюға жіберілген құжаттарды өңдеу уақыты - 3 немесе одан да көп айды құрайды;

Құжаттарды заңдастыру: жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні, ал егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, мерзімді 30 күнтізбелік күннен асырмай ұзартуға болады, ал қызмет алушыға мерзімдердің ұзартылғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

Құжаттарға апостиль қою – 30 еуро;

Құжаттарды заңдастыру – 30 еуро.

Құжаттарды қабылдау: күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Calle Sotillo, 10, 28043 Madrid

Тел.: (+34) 91 721 62 94 (консультациялар сағ. 13:00-14:00 аралығында)

WhatsApp Chat: (+34) 695 425 938 (онлайн консультация)

Электронды поштасы: consulmadrid@mfa.kz

Дата публикации
17 апреля 2024
Дата обновления
17 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

06 апреля 2026
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша стандартты рәсімдер туралы
Ақпарат
02 февраля 2026
«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
23 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары