Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
  • Портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
  • Қызмет тегін көрсетіледі

Құжаттарды қабылдау: күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Calle Sotillo, 10, 28043 Madrid

Тел.: (+34) 91 721 62 94 (консультациялар сағ. 13:00-14:00 аралығында)

WhatsApp Chat: (+34) 695 425 938 (онлайн консультация)

Электронды поштасы: consulmadrid@mfa.kz

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 апреля 2026
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша стандартты рәсімдер туралы
Ақпарат
02 февраля 2026
«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
23 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары