ЭЫДҰ-ның басқарушы қағидаттары

ЭЫДҰ-ның басқарушы қағидаттары – бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық стандарттарын айқындайтын жаһандық кәсіпорындарға ұсынымдар беретін, ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен оған қосылған мемлекеттердің бірігіп  қабылдаған бірегей құжаты. Басқарушы қағидаттары кәсіпкерлік этиканың көптеген салаларындағы мінез-құлыққа қатысты мәселелер жөніндегі бизнес пен стейкхолдерлер арасындағы диалогқа жол ашады. Ұсынымдар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде жергілікті заңдар мен бәсекелестік ережелерін сақтауды, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды, салық міндеттемелерін орындауды және т.б. қамтиды.

Басқарушы қағидаттары, сондай-ақ қатысушылар арасында халықаралық инвестициялар үшін ашық және айқын ортаны қамтамасыз етуге тартылған ЭЫДҰ-ның (1976 ж.) Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясының бір бөлігі болып табылады. Әлемдегі сыртқы салымдардың ең көп көлемінің көзі болып табылатын және ең ірі көпұлтты кәсіпорындар орналасқан ЭЫДҰ-ға мүше елдер өз аумағында немесе одан тыс жерлерде қолданылатын бизнестің Басқарушы қағидаттарын іске асыруға ықпал етуге міндеттенеді.  Нәтижесінде, осы қағидаттарға қосылған мемлекеттердің аумақтық шегінен шығып, компаниялардың едәуір санын қамтиды.

Құқықтық мәртебесі тұрғысынан осы қағидаттар компанияларға ерікті ұсынымдар болып табылады. Бұл ретте қосылған мемлекеттер олардың іске асырылуын көтермелеуге міндетті (2017 жылы ҚР «ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқарушы қағидаттары жөніндегі кеңестің шешімі» құқықтық құралына қосылды). Ынталандыру әсеріне қарамастан, Басқарушы қағидаттар стейкхолдерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау элементі ретінде қарастырылады. Бизнеске наразылықтар мен шағымдар болған жағдайда осы қағидаттарды енгізу және ұлттық деңгейде тергеу жұмыстарын жүргізу жүктелген бұл тетік ұлттық байланыс пункттерінен (ҰБП) тұрады.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Басқарушы қағидаттарды ілгерілету шеңберінде ҰБО-ны құрды. Оның қызметінің мақсаттары Басқарушы қағидаттары туралы хабардар болуды арттыру, осы қағидаттардың ережелерін бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар (оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, параға сатып алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша) бойынша шешім қабылдау болып айқындалған.

Басшылық қағидаттар мен ҰБО-ның жұмысы туралы толығырақ мәліметтер ҚР ҰЭМ мен ЭЫДҰ-ның сайттарында берілген:

- https://economy.kz/ru/Nacionalnyj_kontaktnyj_centr/Rukovodjaschie_principy_OESR 

- https://mneguidelines.oecd.org/mneguidelines 

- https://economy.kz/ru/Nacionalnyj_kontaktnyj_centr/Ob_NKC 

ЭЫДҰ-ның басқарушы қағидаттары
Дата публикации
05 августа 2022