Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының болашағына көзқарасы Лондонда талқыланды

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының болашағына көзқарасы Лондонда талқыланды

ЛОНДОН, 2020 жылғы 26 мамыр – Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) болашағы, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының әлемдік экономикаға әсері жөніндегі онлайн-пікірталасқа қатысты. «International Business and Diplomatic Exchange» (IBDE) атты британдық коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған онлайн-конференцияға Лондонда аккредиттелген дипломатиялық корпустың жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ британдық жетекші іскерлер қатысты.

Қазақстандық дипломат пандемияның әлемдік экономика, әсіресе оның іргелі құрамдас бөлігі – жаһандық сауда жұмысында елеулі іркілістер туғызғанын атап өтті. Осы жүйенің негізгі институты – ДСҰ – жетекші мемлекеттер арасындағы сенім жетіспеушілік, сауда даулар және халықаралық аренада өсіп келе жатқан протекционизм арқасында күшейіп келе жатқан дағдарысты бастан өткеруде. Е.Ыдырысовтың айтуынша, жаһандық рецессия жағдайында ДСҰ рөлі одан әрі маңызды болып келеді, сондықтан халықаралық акторлар, әсіресе ірі мемлекеттер, оның қызметін қолдау қажет.

Сонымен қатар Е.Ыдырысов жақында осы халықаралық ұйымға мүше болған Қазақстанның ДСҰ тетіктерін одан әрі дамытып, жетілдіруді қолдайтынына назар аударды. Оның пікірінше, ДСҰ мүшелері бірігіп, реформалар арқылы ұйымды өзгерістерге жедел жауап беретін, мүше мемлекеттердің нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін, сондай-ақ пандемиядан кейінгі жаһандық экономиканы қалпына қайта келтіруді қолдайтын тетікке айналдыру қажет.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын қабылдауы тиіс еді, алайда COVID-19-дың өршуіне байланысты іс-шара кейінге қалдырылды. Осыған орай Қазақстан келесі жылдың маусым айында Министрлік конференциясын қабылдауға дайын екенін жариялады.

ДСҰ-ның белсенді мүшесі бола отырып, Қазақстан алдағы конференция жаһандық сауда жүйесін нығайтуға ықпал ететін маңызды нәтижелер әкеліп, ұйымның ағымдағы күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер бойынша консенсусқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

IBDE – халықаралық сауда, инвестициялар, қаржылық және кәсіби қызметтер, энергетика, инфрақұрылым және басқа да секторларды ілгерілетуді қамтамасыз ететін, коммерциялық және сауда дипломатияны ілгерілететін Лондондағы коммерциялық емес, саяси емес мүшелік ұйым. Ол бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы диалогты дамытуға ықпал етеді.