
Рейкьявик, 2023 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Исландиядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Мағжан Ілиясов Исландия Президенті Гвюдни Йоуханнессонға сенім грамоталарын табыс етті.
Бессастадир резиденциясында Президентпен өткен әңгіме барысында Исландия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар және оларды нығайту жолдары, оның ішінде өзара сауда айналымын ұлғайту есебінен талқыланды. Сондай-ақ әлемдегі,
Сонымен қатар, М.Ілиясов Исландия тарапына елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың а.ж. 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы туралы ақпарат берді.