Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Ұлыбритания, Ирландия және Исландия аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін коронавирустың таралу қаупіне байланысты Қазақстанның Лондондағы Елшілігінде келесі телефон бойынша тәулік бойы арнайы желі ашылды: +44 (0) 771 760 9987.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде де жедел желі әрекет етеді: жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері: +7 (7172) 72-01-11.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады.