“Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу” мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, ҚР Ұлыбританиядағы Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгіну керек:
шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхат;
қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);
қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару қажет.