"Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгіну керек:
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - бір ай.
£40 фунт стерлинг
төлем тек банк картасымен жасалады;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.