Меню

Страницы

Статья

Қайтып оралуға арналған куәлік

Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда.

  1. Өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы (бар болса), ал ол болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы сауалнама-өтініш
  3. өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;
  4. шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген, жынысын ауыстыру фактісін растайтын тиісті құжат;
  5. жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат. паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында:

(a) құжатты IMMOBILISE немесе ReportMyLost сайттардың біреуінде тіркеп;

(b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау;

(c) растайтын қағазды принтерден басып шығару қажет.

  • Аталған онлайн-арыз жергілікті полицияға тікелей жеткізіледі.
  • Егер паспорттың қолданылу мерзімі өткен немесе онда беттер біткен болса, ҚР паспортының түпнұсқасы мен көшірмесін әкелу қажет (түпнұсқа өтініш берушіде өтініш берілген күні жазбаша хабарлама негізінде сақталады).

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы болған кезде 2 жұмыс күні, жеке куәліктің біреуінің түпнұсқасы болмаған жағдайда 10 жұмыс күні.

£10 фунт стерлинг

  • төлем тек банк картасымен жасалады;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Сұрауларды электрондық поштаға жіберуге consuluk@mfa.kz немесе телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +44 (0) 207 925 7532

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Ақпарат
26 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары