Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2024 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 800,8 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 388,9 млн АҚШ доллары, импорт – 411,9 млн АҚШ доллары).
2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлыбританияның қатысуымен 580 кәсіпорын жұмыс істейді.
Ұлыбритания ҚР экономикасына 10 ірі инвесторының бірі болып табылады. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға британдық инвестицияның көлемі 546,2 млн. долл. құрады. Тәуелсіздік жылдарында ҚР-ға Ұлыбританиядан келген тікелей инвестицияның жалпы ағыны 22,09 млрд. долл. құрады. Инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі секторлары мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, қаржы саласы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация болып табылады.
Консультациялық механизмдер
Екіжақты өзара экономикалық іс-қимылдың негізгі тетігі ретінде Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары мен Ұлыбританияның Мемлекеттік министрінің тең төрағалығымен ҮАК-тің екі отырысы өтті (9-шы отырысы 2023 жылғы 7 ақпанда Лондонда және 10-шы кездесуі 2023 жылғы 21 қарашада Астанада өтті).
Екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды алаңы ретінде Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі болып табылады. Кенестің 4-ші отырысы 2021 жылдың 28 қазанында Лондонда өтті.