Қазақстан Республикасы азаматының (ескерту жасына қарамастан) басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы).
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.