Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 11-1-4/168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20755 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.
1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратынн органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда немесе осы Қағидалармен қарастырылған талаптардың бұзылуы арқылы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
|
|
Жетім балаларды, ата- |
|
|
Нысан |
Бала асырап алу агенттігінің атауы (ресми бланкіде)
Мекенжай:
телефон:
20___ жылғы "____" _____ № ____________________
|
|
Қазақстан Республикасының |
Қолдаухат
"____" (бала асырап алу агенттігінің атауы, ____ жылғы "____" лицензия нөмірі ______, Қазақстан Республикасында аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(-тар)ы болып табылатын жетім баланы (-балаларды), ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (-балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.
Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді (-келмейді).
Лауазымды адамның қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________
|
|
Жетім балаларды, ата- |
|
|
Нысан |
_______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу карточкасы
|
1. |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
||
|
2. |
Туған күні және жері |
|
||
|
3. |
Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген |
|
||
|
4. |
Азаматтығы |
|
||
|
5. |
Тұрғылықты мекенжайы |
|
||
|
6. |
Білімі |
|
||
|
7. |
Жұмыс орны |
|
||
|
8. |
Жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
||
|
9. |
Күні және туған жері |
|
||
|
10. |
Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген |
|
||
|
11. |
Азаматтығы |
|
||
|
12. |
Тұрғылықты мекенжайы |
|
||
|
13. |
Білімі |
|
||
|
14. |
Жұмыс орны |
|
||
|
|
Қолы _______________________ |
|
||
|
|
Жетім балаларды, ата- |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
____________________________ |
|
||
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы өтініш-келісім
Мен, ___________________________, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда ол он сегіз жасқа толғанға дейін асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық ағдайы туралы есептерді ұсынуға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алынған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелеттiк жасқа (18 жас) толғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің уәкілетті қызметкері баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайының және денсаулық жағдайының сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.
20___ жылғы "___" ___________ _______________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
|
|
Жетім балаларды, ата- |
"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: |
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүзеге асырады. |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
3 (үш) жұмыс күні. |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген тұлғалар/тұлға ретінде есепке алынғандығы туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі |
Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес, Салық кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық алым ставка мөлшері бойынша ақылы негізде көрсетіледі. |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. |
||
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты. |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. |
||
|
|
Жетім балаларды, ата- |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
20__ жылғы "_____" ___________ №_____________
Анықтама
Осымен _________________________________________________ азаматтары/азаматы
(елдің атауы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) ______________________________________
Туған күні _________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) ______________________________________
Туған күні _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген тұлғалар/тұлға ретінде есепке
алынғандығын растаймыз. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесі қызметкерінің
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) қолы
(мөрге арналған орын)