
Жалпы ақпарат
1992 жылғы19 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 жылғы қазанда Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1996 жылғы ақпанда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі ашылды.
2022 жылғы 6 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі қызметін М.Ілиясов атқарады.
2021 жылғы тамыздан бастап Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін К.Лич атқарады.
Ең жоғары деңгейдегі сапарлар
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Ұлыбританияға 9 рет сапармен барды (1991, 1992, 1994, 1997, 2000, 2006, 2012, 2013 және 2015 жылдары).
Корольдік отбасы мүшелері Қазақстанға 9 рет сапармен келді – британ тағының мұрагері Уэльс Ханзадасы Чарльз (1996 ж.), Ханшайым Анна (1993 ж.), Глостер Герцогы (2000 және 2017 жылдары), Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі арнайы өкілі болған Йорк Герцогы - Ханзада Эндрю (2003, 2006, 2007 және 2010 жылдары) және Кент Ханзадасы Майкл (2009 ж.).
2013 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронның Қазақстанға екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапары өтті. Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Одан басқа, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев халықаралық іс-шаралар аясында британдық Премьер-министрлермен кездесті (Д.Кэмеронмен – 2014 жылғы 17 қазанда Миланда өткен АСЕМ саммитінің алаңында, Т.Мэймен – 2016 жылғы 4 қыркүйекте Ханьчжоу қаласында өткен G20 саммитінің аясында және 2018 жылғы 19 қазанда Брюссельде өткен «Азия-Еуропа» саммитінің аясында).
Жоғары деңгейдегі сапарлар мен байланыстар
2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дж.Клеверли Қазақстанға сапармен келді. Сапар аясында Дж.Клеверли ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен, Премьер-министр Ә.Смайыловпен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен кездесті.
2023 жылғы 7 маусымда Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Л.Докерти Алматыға сапармен келді.
2023 жылғы 19 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Нью-Йорк қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дж.Клеверлимен кездесті.
2023 жылғы 2 қазанда Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Л.Докерти Астанаға келіп, Қазақстан-Британ стратегиялық диалогының 7-ші отырысына қатысты.
2023 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында ҚР-ға Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Дж.Хиппи келді.
2023 жылғы 20-21 қарашада Ұлыбританияның Бизнес және сауда – Индустрия және экономикалық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік министрі Н.Ганидің ҚР-ға сапары өтті. Сапар барысында Н.Гани
ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті, Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 10-шы мерейтойлық отырысына қатысты, сондай-ақ Алматыдағы Ұлыбританияның Сауда өкілдігін ашты.
2023 жылғы 15 желтоқсанда ҚР мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері М.Нұртілеу мен Д.Кэмерон телефон арқылы сөйлесті.
2024 жылғы 24-25 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Д.Кэмеронның Қазақстанға Орталық Азия елдері мен Моңғолияға сапары аясындағы ресми сапары өтті. Сапар барысында Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 10-12 маусымда ҚР Президентінің кеңесшісі Б.Ақчулақов пен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылығы Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды.
2024 жылғы 23-25 маусымда ҚР Президентінің кеңесшісі, халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З.Сүлейменова Ұлыбританияға «COP29 - IEA High-Level Energy Transition Dialogue» атты жоғары деңгейдегі диалогқа қатысу үшін сапар жасады.
2024 жылғы 25 шілдеде ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев Лондонға сапар барысында Қазақстанның гидроэнергетикасын дамыту бағдарламасы бойынша кеңес беру қызметтері туралы Азия Даму Банкімен келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 31 тамызда Прага қаласында «GLOBSEC» форумының аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко мен Ұлыбритания Форин-офис басшысының орынбасары С.Даутимен кездесу өтті.
2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында өткен COP29 климаттық конференциясының аясында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министрі К.Стармермен кездесті.
Парламентаралық ынтымақтастық
2015 жылдың 15 қыркүйегінде Елшіліктің көмегімен Ұлыбритания Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша Жалпыпартиялық парламенттік топ (All-Party Parliamentary Group) құрылды. Топ төрағасы - қауымдар палатасының мүшесі Б.Стюарт.
2022 жылғы 18-19 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация, Патшайым Елизавета II-нің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты.
2023 жылғы 6 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов бастаған қазақстандық делегация, Король Чарльз III-нің таққа отыру рәсіміне қатысты.
2023 жылғы 18-20 мамырда Қазақстанға Ұлыбритания Парламентінің Сыртқы істер бойынша комитетінің делегациясы келді.
2023 жылғы 8-9 маусымда Ұлыбритания Парламенті Қорғаныс комитетінің төрағасы Т.Элвуд Астана Халықаралық Форумына қатысты.
2023 жылғы 12-18 желтоқсанда Ұлыбритания Парламенті қауымдар палатасының мүшелері А.Хан мен А.Чохан Қазақстанда болды.
Консультациялық механизмдер
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық диалогтың отырысы жыл сайын өткізіледі. 2023 жылғы 20 қазанда Астана қаласында сыртқы істер ведомстволары министрлерінің орынбасарлары деңгейінде 7-ші отырыс өтті.